БҚО-да ауа райы құбылып тұр. Кеше кешкісін басталған бұрқасын бүгін таңда әбден күшіне мінді. Үйлердің шатыры ұшып, адамдар далада қалып, төтеншеліктер мен полицияны біраз әбігерге салуда.
Батыста боран бет қаратпай тұр
697
оқылды

Кеше кешкісін БҚО бойынша бар­лық бағытқа жол жабылды. Себебі екі кештің ортасында алай-дүлей жел тұ­рып, қар жауып, табиғат-ананың аяқ­ас­ты мінезі бұзылды да кетті. Сол мі­незі әлі де қайтпай тұр, бүгін таңмен облыс бойынша 55 елді мекенде электр жарығы өшті. Осының салдарынан 16 903 үй мен 192 әлеуметтік нысан жа­рық­сыз қалды.

– Бүгінгі ауа райының қолай­сыз­дығы кесірінен үйлердің шатыры ұшып, жарық өшті. Атап айтсақ, Бөр­­лі,Теректі, Шыңғырлау ауданда­­­­рында электр желілері үзілді. Қазір қал­­пына келтіру жұмыстарына 39 апат­тық бри­­гада мен 49 арнайы техника жұмыл­дырылды. Бұдан бөлек, Теректі ауда­нында бірнеше  нысан мен үйдің ша­­­тыры ұшып кетті, – деді БҚО әкім­­­­ді­­­­­­­­гінің баспасөз қызметі. 

Жолдар жабық дегеніне қарамастан жолға шығып кетіп, далада қалған адам­­­дар мен машиналарды құтқару жұмыстары ұйымдастырылуда. БҚО Төтенше жағдайлар департа­ментінің берген мәліметі бойынша, Самара – Шымкент, Атырау – Орал тасжолында 200-дей көлік далада қал­­ған. Оларға төтеншеліктер мен по­ли­­­ция көмек қолын созып жатыр. Сол екі үлкен трас­­­садағы көліктерді дітте­ген жеріне аман жеткізу үшін Полиция депар­­таментінен 8 патруль жіберілген. Тө­тенше жағдайлар депар­таментінің 14 қызметкері  мен 7 техни­ка­сы жұмыл­дырылған. 

Облыстағы ауа райының қолай­сыз­дығына байланысты Төтенше жағ­дайлар департаментінде жедел штаб жұмысы іске қосылды. Олардың қата­рын­да полиция қызметкерлері мен «Қаз­­гидромет» мекемесінің өкілдері бар. 

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы