Өңірде барлық коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Ақтөбеде 5 бірдей тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті
744
оқылды

Ақтөбеде қатты жел салдарынан көпқабатты 5 тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті. Бұл туралы қала әкімі Азамат Бекет айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Шатыры ұшып кеткен үйлердің бір бөлігі Әуе қалашығы, Саяжай, Қарғалы тұрғын алаптарында орналасқан үйлер. Алдағы уақытта құрылыс жұмысын жүргізген екі компания қалпына келтіріп берді. Ал тағы бір үйді тұрғындардың өзі жөндеуі тиіс. Жергілікті атқарушы орган тек техника бөлеміз деп уәде берді.

«Біз қазір барлық коммуналдық қызметті күшейтілген режимге көшірдік. Қазір қар тазалау, қоғамдық көлік жұмысы назардан тыс қалып жатқан жоқ. Бірнеше бағыт бойынша қоғамдық көлік қатынамады. Полиция рұқсат берген соң, ауа райы қалпына келгенде қатынас қайта қалпына келеді. Қар тазалау жұмысына келер болсақ, елдімекенде боран салдарынан жұмыс тоқтаған болатын. Алайда тұрғын алаптарының негізгі, қаланың орталық жолдары және де қаланың жолдарында жұмыс жалғаса берді. Тұрғын алаптарында мердігер мекеме техникасы тұр. Олар жұмысты атқарады», - деді Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет.