Өлім себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.
Түркістанда жалдамалы пәтерден 2 баланың мәйіті табылды
Фото: baq.kz
1,581
оқылды

Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі баланың мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлім себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

– Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекенжайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын, – деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.