Оқиға Түркістан облысы Төлеби ауданының орталығында Ленгер қаласында болды.
Түркістан облысында жарылыстан дүкен қирап, бірнеше адам зардап шекті
Фото: otyrar.kz
789
оқылды

Дүкен қирап, 2 адам зардап шекті. Олар дүкен иесі мен оның 6 жасар немересі. 

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, оқиға түс мезгілінде болған. 

Екі адам күйіп қалды.

«59 жастағы адамның бетін 10-12 пайызға күйік шалған. Ал 6 жастағы баланың беті 6-7 пайызға күйген. Зардап шеккен екі адам Ленгер қалалық ауруханасына жеткізілді», – делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі. 

Апаттың мән-жайын мамандар анықтайды.