Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
Әлеуметтік көмек шын мұқтаждарға беріледі
1,402
оқылды

Жиында айтылған мәселелер туралы AMANAT партиясының Түркістан облысы Шардара аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ережеп Бекет пікірін білдірді. 

Әлеуметтік желілерде халықтың көп толғандырып отырған мәселелердің бірегейі әлеуметтік көмек, жаңадан отау құрған отбасылы жастардың баспанамен қамтамасыз етілуі, жұмыссыздықты барынша азайту мәселесі бар екені рас.

Осындай әлеуметтік маңызы бар мәселелердің қозғалып жатқандығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әрдайым назарында тұратындығы айқындалды.

Оның бүгінгі кеңейтілген Үкімет отырысында кеңес мүшелеріне осы мәселе бойынша, «Азаматтарға әлеуметтік көмек пен қолдау құрылымдары және механизмдерін толық қайта қарау қажет екенін» айтты. 

Мемлекет басшысының пікірінше, әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру үшін, оның кімге және қалай берілетінін ойластыру қажеттілігіне басты назар аудару керектігін айтты.

Сонда ғана бөлінген қаржыны барынша тиімді жұмсап, берілетін әлеуметтік көмекке шын мәнінде мұқтаж адамдардың қол жеткізетіндігіне мүмкіндік туатындығы айтылды.

Денсаулық сақтау жүйесінде қордаланған мәселелерге де назардан тыс қалмауын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет, әкімдерге және «Самұрық-Қазына» қорына «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» және «Жайлы мектеп» ұлттық жобаларын жүзеге асыруға кедергі болып отырған барлық мәселені дереу шешуді тапсырды.

Президент еліміздің экономикасын көтеру үшін жаңа серпін беру қажеттілігін айта отырып, Үкімет пен жергілікті атқарушы әкімдерге өз өңірлеріндегі ірі кәсіпкерлермен, инвесторларды тарта отырып, жергілікті жерлерде толыққанды серіктес ретінде тығыз байланыста жұмыс істеу қажеттігіне тапсырма берді.

Мемлекеттік аппарат барынша халық игілігіне тиімді болатындай етіп, барынша үйлесімді жұмыс істеулеріне басты назарда ұстау керектігін қатаң тапсырды.

Ол үшін барлық деңгейдегі атқарушы органдарға қағазбастылық, көзбояушылыққа жол бермей, мемлекеттің әрбір затына жауапкершілікпен қарауға қатаң тапсырма берді.

Менің түсінгенім бүгінгі кеңейтілген отырыста ел Президентінің Қазақстанның әрбір отаншыл азаматы, азаматтардан атқарушы органдарға сенбеушілік танытып, олардан келіп түскен арыздарына немесе жағдайдың нашарлап кеткеніне селқос қарамай, жан- жаққа жалтақтай бермей, күтіп отырмай, дұрыс шешілетіндей етіп бастама көтеріп, дербес жұмыс істей білу қажет атап айтқаны орынды болды.