Бүгін, яғни 11 ақпанда жеңіл көліктер үшін Ақтөбе – Хромтау бағыты ашылды.
Ақтөбе облысындағы жолда көлік кептелісі 30 шақырымға дейін созылып жатыр
1,533
оқылды

Хромтау қаласы мен Қарабұтақ ауылы арасында 30 шақырымдық көлік кептелісі болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"ҚазАвтоЖолдың” мәліметінше, Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жол жөндеушілер тәулік бойы жұмыс істеп жатқаны айтылады.

Ауыр жүк көлігінің жүргізушілері көліктерін 4 шақырымға екі-үш қатарға қойып қойған. Бұл жол бөлігіндегі қарды тез арада тазалауға кедергі келтіріп, жолшылардың жұмысын тежеуде.

Кептелісті жою үшін ауыр жүк көліктерінің иелері іздестіріліп жатқаны хабарланды.