Бұл туралы Ақтөбе қа­лалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депу­таттық фракциясының жина­лысы барысында айтылды.
Ақтөбеде алты мектеп күрделі жөндеуден өтті
1,111
оқылды

Жиында партияның Жол кар­тасы бойынша былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланып, биылғы көрсеткіштердің жергілікті бюджеттен қаржыландыру мәселесі қарастырылды. Былтыр бітпеген істі толық аяқтау үшін тапсырмалар беріліп, 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Қуантайұлы Жол картасында бекітілген негізгі 3 бағытқа тоқталып, орындалған міндеттерді айтты. 

– Табысты арттыру бағыты бойынша, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 1 044 жобаға қолдау көрсетіліп, тұрақты жұмысқа 7 693 адам орналастырылды. Екі ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде 130 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында Жаңа – Әлжан диірмен комбинаты және Айс плюс сүт зауыты жаңғыртылды. «Жер аманаты» партиялық комис­сиясының ықпалымен 1 724 гектар жер қайтарылды, – деді ол.

Өмір сүру сапасын арттыру бағыты бойынша №12, 14 орта мектептеріне қосымша құрылыс салынып, алты мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Заречный-1 тұрғын алабындағы амбулатория ғимаратына қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 264 медициналық жабдық сатып алынды. Спорт инфрақұрылымымен халықты қамту 45,2 пайызға жетті.

Өмір сүру жағдайларын жақ­сарту бағыты бойынша бюджет есебінен 28,6 шаршы метр тұрғын үй салынды. Оның ішінде 200 пәтер әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған. Ақтөбе қаласындағы Жастар, Есет батыр, Пацаев, Сәтбаев, Сазды көшелерінің жолына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.