Бүгінде денсаулық саласын­дағы өзекті мәселенің бірі – кадр тап­шылығы. Бұл бағытта жылда түрлі жоба жанданып, мемлекет­тік қолдау көрсетіліп жат­қаны­мен, әлі де «бауын тапса, бай­лауын таппаған» тірлік көп. Мәселен, бүгінде бір ғана Жам­был облы­сында 80 дәрігер тап­шы. Оның 32-і қала бойынша болса, ауыл­дарға 48 дәрігер ауа­дай қажет.
Сүйіншілеген бастама сағымға айналды
коллаж: Еркебулан ДҮЙСЕБОЛАТОВ
691
оқылды

Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың айтуынша, өңірде дәрігер тапшылығы 2022 жылмен  салыстырғанда 1,3 есеге төмендепті. 

– Тапшы дәрігерлердің басым бөлігі – терапевт. Бұдан бөлек,  практикалық дәрігер, акушер-гинеколог, аллерголог, иммунолог, анестезиолог-реанимотолог, гастроэнтеролог, гематолог, дермато­венеролог, балалар хирургі, инфек­ционист, кардиолог, клинфармаколог, невролог, неонатолог, хирург, онколог, онколог-радиациялық, оторинола­ринголог, офталь­молог, психиатр, радио­лог, травматолог-ортопед, уролог, фтизи­атр, провизор және эпидемиолог жетіс­пейді. Олқылықтың орнын толтыру үшін жергілікті бюджет есебінен  98 резидент оқуға тапсырды. Нәтижесінде, 2022 жылы 16 дәрігер, 2023 жылы 19 дәрігер өңір­ге жұмысқа келді. Қазір 56 дәрігер рези­дентурада оқуда.  Резиден­тураны тә­мам­даған соң 2024 жылға 30 дәрігер, 2025 жылға 16 дәрігер, 2026 жыл­ға 10 дә­рі­гер­дің облысқа жұмысқа ор­наласуы күтілуде, – дейді Жанар Мықтыбекқызы. 

Сонымен қатар елді мекендерге кел­ген жас мамандарға жергілікті бюджет есебінен 800 мың теңге көлемінде ақша­лай көтерме ақы берілген. Биыл «Дип­лом­мен – ауылға!»  бағдарламасы аясын­да 204 маманға 1 миллиард теңге қара­лып, тұрғын үймен қамту үшін жұмыстар жүр­гізілуде. 

Әрине, бұл қуанарлық жағдай. Алай­да басқарма басшысы айтқандай, жылда өңірге 20-ға жуық дәрігер келіп жатса, сұраныстағы 80 дәрігердің орнын қалай толтыра алмай жатырмыз? Алайда олар қажетті бағытта білім алмай, әлде қол­дауы болмай «дәрігер» деген дипломымен далада қалып кетіп жатыр ма? Осылайша, жылда бітіріп жатқан жастарымыз статистикадағы сан ғана болып тұр ма?

«Дипломмен – ауылға!» бағдарлама­сының жанданғанына да 15 жылға жуық­тады. Осы аралықта ауылға қажетті 48 дәрігердің орны толмағаны таңғал­дырады. 15 жылда елді мекендерге 50 дәрігер келмегенде, бір жыл ішінде 204 ме­дицина маманы ауылға ағылады дегенге де сену қиын. Демек, мұнда да «сұлу» статистика сөйлеп, ақиқаттан ауылы алыс болып тұр. 

Осындай сәтте 2020 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің база­сы­нан ашылған С.Асфендияров атын­дағы Қазақ ұлттық медицина универ­ситетінің филиалы қайда кетті деген орынды сұрақ туады. Жамбыл облысы әкімдігі мен оқу ордасы ара­сында жа­сал­ғ­ан меморандум талай меди­цина ма­манын түлетуге түрткі болады деп көп­шілік сенген. Тіпті, бастапқыда мұнда 100 адам оқуды бастаса, кейіннен рези­денттер тартылатын болған. Сон­дай-ақ филиалда Қазақ ұлттық медицина уни­вер­ситетінің ең білікті профессор­лары дәріс береді деп төбеміз көкке жеткендей болған еді. Алайда арада төрт жыл уақыт өтсе де аталған филиалдан түлеп ұшқан түлек көрмедік. Тіпті, бұл туралы билік өкілд­ері жақ ашудан қал­ған. Сондықтан Жамбыл жоғары меди­цина­лық кол­леджіне хабарласып, мән-жайды өзіміз білдік. Сөйтсек, мұнда С.Ас­фен­­дия­ров атындағы Қазақ ұлттық медицина уни­верситетінің филиалы мүлде ашыл­маған да екен.

– Негізі, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің филиалы бізде ашылған жоқ. Тек біздің колледжді университетке сенімгерлік басқаруға берді. Сондықтан бізде жоғары білімді дәрігерлер келіп оқыған жоқ. Ал 2023 жылы Қазақ ұлттық медицина университетінің басшылығы ауысты да, келісімшарт күшін жойды. Осылайша, орта буынды мейірбикелеріміз білік­тілігін арттырғаны болмаса, бұл сенім­гер­лік басқарудан ұтқан үлкен ұпайымыз жоқ, – дейді Жамбыл жоғары медицина­лық колледжінің директоры Жәмила Сарыбекова. 

Иә, осылайша 2020 жылы өңірді шулатқан жобаның шаңы шықпай жатып басылған екен. Ал «енді білікті дәрігер­лерді облыста-ақ дайындаймыз», «меди­цина маманы атану үшін Алматы асудың қажеті жоқ» деген уәделер сылдыр суға, одан әрі буға айналыпты. Сол кездегі облыс басшыларын шақы­рып тұрып сүйіншілеген бастаманың бұлайша өмірі қысқа болғаны өкінішті. Ал  Қазақ ұлттық медицина универ­ситетінің басшылығы ауысқаннан кейін ондағылармен қайта байланыс орнатуға талпынбаған бүгінгі  биліктің де әрекеті түсініксіз. Мұндай көзқараспен өңірдегі медицина маман­дары тапшылығын жоя алмайтынымыз анық. 

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы