ТЖД мәліметіне сәйкес, өрттің алдын ала себебі – балалардың отпен ойнауы.
Қонаев қаласында балалар 4 қабатты үйді өртеп жіберді
Фото: Image Source/Charles Gullung/Legion
613
оқылды

Қонаев қаласында төрт қабатты үйлердің біріндегі пәтерде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, 12 ақпан күні сағат 18:24-те кезекші бөлімге қаладағы төрт қабатты үйлердің бірі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

– Оқиға орнына жедел облыстық ТЖД қызметкерлері жіберілді. Тілсіз жау тұтанған жерге жеткенде кір жуатын машина мен асханадағы тұсқағаздың, сондай-ақ жалпы аумағы үш шаршы метр жатын бөлмедегі төсектің өртенгені анықталды. Өрттің алдын ала себебі – балалардың отпен ойнауы, – делінген ведомство ақпаратында,

Қызыл жалын сағат 18:35-те сөндірілді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 2019 және 2014 жылы туған екі бала Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілген. Сонымен қатар 19 адам, соның ішінде 8 бала өздігінен эвакуацияланды.

– Алматы облыстық ТЖД күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаудың маңыздылығы мен балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды ескертеді. Отпен ойнаудың соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, – деді ТЖД хабарламасында.