Ең көп игерілмеген сома Мәдениет және ақпарат, Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінде болған.
Қаңтар айында мемлекеттік бюджеттің 20 миллиард теңгесі игерілмеді – Қаржы министрі
565
оқылды

Үкіметтің бүгінгі отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев қаңтар айында бюджет қаржысының 20 млрд теңгесі игерілмегенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,9 пайызға, республикалық бюджеттің шығыстары – 97,8 пайызға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 94,5 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді», – деді Тәкиев.

Министрдің айтуынша, атқарылмаған бюджет 33 млрд теңгені құрады, оның ішінде 13 млрд теңгесі – үнемделгені.

«Игерілмегені – 20 млрд теңге. Ең көп игерілмеген сома Мәдениет және ақпарат, Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінде болған. Бюджетті игермеудің негізгі себептері: 663 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар, конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт өткізу»,  – деді министр.