Айтыскер ақынның концертіне санаулы сағаттар қалғанда әншінің денсаулығы сыр берген.
Мейрамбек Бесбаев ауруханаға түсіп қалды
Фото: music.163.com
26,059
оқылды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы сыр берді. Осыған қатысты Мейрамбек Бесбаев Stan.kz тілшісіне пікір білдірді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Өнер жұлдызының денсаулығына ақпарат агенттігінің ұжымы да алаңдап, жағдайын білмек болып қоңыраулатты. Алайда Whats App желісі арқылы хабарласқанымызда “Бәрі жақсы”, – деп қысқа қайырды әнші. 

“Revue News” бағдарламасының мәліметіне сәйкес, өнер иесі сырқаттанып тұрса да, өнердегі досы Ринат Зайытовтың жеке шығармашылық кешіне қатысқан. Айтыскер ақынның концертіне санаулы сағаттар қалғанда әншінің денсаулығы сыр берген. Өнер иесі күтіп отырған қалың көрерменді ескеріп, дәрігерлерден жарты сағатқа сұранып, поэзиялық кеште төбе көрсетті. Айтыскер ақын әншінің ел аузында жатталған талай хит әндерінің авторы.