Республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 304 бірлік техника және 385 жұмысшы жұмылдырылған. 
14 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды
Фото: БҚО ТЖД
1,127
оқылды

15 ақпан күнгі сағат 00.00-дегі жағдай бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты 14 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 38 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Абай облысында – 9 учаске (1 053 шақырым),

Ақтөбе облысында – 5 учаске (696 шақырым),

Алматы облысында – 1 учаске (84 шақырым),

Шығыс Қазақстан облысында – 7 учаске (511 шақырым),

Жамбыл облысында – 1 учаске (450 шақырым),

Жетісу облысында – 2 учаске (423 шақырым),

Қарағанды облысында – 1 учаске (48 шақырым),

Қызылорда облысында – 1 учаске (815 шақырым),

Павлодар облысында  – 2 учаске (438 шақырым),

Солтүстік Қазақстан облысында – 3 учаске (316 шақырым),

Түркістан облысында – 2 учаске (283 шақырым),

Ұлытау облысында – 2 учаске (438 шақырым),

Алматы облысында – 1 учаске (84 шақырым),

Қостанай облысында  1 учаскеде (83 шақырым) көлік қозғалысы шектелді.

Республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 304 бірлік техника және 385 жұмысшы жұмылдырылған.