Тексеріс нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданбақ.
Көкшетауда сүндеттелгеннен кейін қайтыс болған баланың өлімі жайлы тың дерек шықты
1,000
оқылды

Көкшетауда облыстық балалар ауруханасында сүндеттелгеннен кейін қайтыс болған 10 жасар бала жайлы тың дерек пайда болды, деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Көкшетау қаласындағы сүндетке отырғызылғаннан кейін қайтыс болған баланың өлімі жайлы жаңа мәлімет берді. 

 – Осы жылдың 5 ақпанында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне Көкшетау қаласы Полиция басқармасынан Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасында кесілгеннен кейін қайтыс болған кәмелет жасына толмаған баланың өліміне қатысты рапорт түсті, – делінген министрлік жауабында. 

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатқаны, оның аяқталуы және қорытындысы бойынша департаментпен жоспардан тыс тексеріс өткізілетіні айтылған. Тексеріс нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданбақ. 

Естеріңізге сала кетсек қайғылы оқиға Көкшетауда 31 қаңтарда болған. Бала сүндетелгеннен кейін бірнеше күннен кейін қайтыс болған еді.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы