Республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 бірлік техника және 196 жолшы жұмылдырылған.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2,5 мыңдай автокөлік жолда қалды
Фото: ҚазАвтоЖол
520
оқылды

Республика бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдарда 2489 көлік жолда қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz “ҚазАвтоЖол” компаниясына сілтеме жасап.

Соңғы деректерге сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Абай облысында – 9 учаске (1243 км)

Ақмола облысында – 27 учаске (2201 км)

Ақтөбе облысында – 5 учаске (778 км)

Алматы облысында – 1 учаске (84 км)

Атырау облысында – 1 учаске (9 км)

Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске (408 км)

Жамбыл облысында – 1 учаске (450 км)

Жетісу облысында – 1 учаске (100 км)

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске (133 км)

Қарағанды облысында – 8 учаске (1158 км)

Қостанай облысында – 11 учаске (1508 км)

Қызылорда облысында – 1 учаске (815 км)

Павлодар облысында – 9 учаске (1624 км)

Солтүстік Қазақстан облысында – 15 учаске (1924 км)

Түркістан облысында – 2 учаске (283 км)

Ұлытау облысында – 3 учаске (543 км)

Қазір республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 бірлік техника және 196 жолшы жұмылдырылған.