Олардың әрқайсысына 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.
Ұлттық тестілеу орталығының деректеріне заңсыз қол сұғу әрекеті анықталды
Фото: ҰҚК
2,412
оқылды

ҰҚК Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалған деректеріне заңсыз қол сұғу әрекеттерін әшкереледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлігімен және 208-бабы 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары – С., Ж. және Н-ға қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.

Олардың әрқайсысына 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды», – делінген хабарламада.

Сотталғандар 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғандары үшін тергелді.

Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұғулары дәлелденді.