Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов­тың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Зорлық-зомбылыққа жаза қатаңдайды
517
оқылды

Депутаттарға әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мә­се­лелері бойынша заң жобасын бірінші оқы­лымда талқылау ұсынылады. Құжат Мәжіліс депутаттарының бастама­сымен Мемлекет басшысының отбасылық және тұрмыстық салалардағы зорлық-зомбылықты қыл­мыстық жауапкершілікке тарту және кәме­летке тол­мағандарға қа­тыс­ты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдату туралы тап­сыр­масын орындау мақсатымен әзір­ленді.

Сонымен қатар ақпаратқа қол жеткізу және қо­ғам­дық қатысу мәселелері бойын­ша заң жо­ба­сы да бірінші оқылымда қара­лады. Бұл мү­ге­дек­тігі бар адамдардың ақ­па­­ратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету тетік­­тері мен құрал­дарын бекі­теді және ақ­­па­рат­қа қол жеткізуді қамтамасыз ету сала­сындағы мемлекеттік бақылауды кү­шейтеді.

 Сондай-ақ Мәжіліс комитеттері кей­бір заң­намалық актілерге оларды Консти­туция нормаларына сәйкес келтіру туралы және құқық қорғау қызметі туралы заң жобаларын қарайды.