Қазақстандық оқушыға әлемнің сегіз университетінен шақырту келіп түсті. Алексей Ким Шымкент қаласындағы №8 мамандандырылған гимназияда оқиды. 17 жастағы жеткіншек халықаралық және республикалық білім байқауларының жеңімпазы. Сабақтан бос уақытында спортпен және волонтерлік іспен шұғылданады.
Дарынды ұлға – даңғыл жол
1,717
оқылды

Соңғы кезде ол ақыл-есі кенже дамыған балаларға ағылшын тілін үйретуді қолға алуды бастаған. Алек­­­­­сей Ким өз болашағын ІТ са­ласымен байланыстырады. Жаңа тех­ноло­­гия­ларды меңгеріп, ғылыми жаңалық ашуды мақ­сат еткен. Бо­­лашағынан зор үміт күттіретін жет­­­­­кіншек әлемнің жетекші жоғары оқу орын­дарынан шақырту алып отыр. Тізімде Канада, Америка Құрама Штат­тары және Еуропа уни­верситеттері бар. 

– 11-сыныпқа көшкен кезде Амери­каның Нью-Йорк қаласына оқуға түсуді армандай бастадым. Ол қалада тұру көптеген адамның арманы емес пе, олардың қата­рында мен де бармын. Құжаттарымды ол жаққа да жіберіп қойдым. Маған грантқа түсуіме мүмкіндік бе­ріліп отыр. Қуаны­шымда шек жоқ, – дейді дарынды оқушы. 

Алексей дүниежүзінен шақырту алуын сабақты озат оқуы әрі ерік­тілер жұмысында белсенділік та­­нытуымен байланыстырады. Ұс­­­­таздары болса дарынды оқушы­ның шет тіліне қызығушылық танытуы ерте жастан басталғанын айтады. 

– Алексей – алғыр оқушының бірі. Өз ісіне өте жауапкершілікпен қарайды. Мектепішілік шараларға белсенді қаты­сатынын көріп жүр­мін. Қалалық, респуб­­ликалық білім байқауында бірнеше рет топ жарды. Оқуда озат оқушым – ағыл­шын ті­лінен олимпиада жеңім­пазы, – деді ұстазы Елена Павленко.

Алексей Америкада оқуды аяқ­таған соң ел­ге оралуды жос­парлап отыр. Өзі бала кезінен ұнатқан ІТ салада жаңалық ашуды мақсат етеді.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ