Нью-Йорк университеті беделді Times Higher Education University Rankings әлем бойынша 30-орынды алған ең мықты университет болып есептеледі.
Ақтаулық оқушы Нью-Йорк университетінің грантын жеңіп алды
Фото: mangystaumedia.kz
1,963
оқылды

Ақтау қаласы бойынша N13 гимназияның 11-сынып оқушысы, үздік аттестатқа үміткер Диляра Сапар Шанхайдағы Нью-Йорк университеті - Қытай мен Нью-Йорк университеті арасындағы ынтымақтастықта құрылған алғашқы халықаралық қытай-американ университетінің грантын жеңіп алды, – деп хабарлайды aikyn.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Нью-Йорк университеті беделді Times Higher Education University Rankings әлем бойынша 30-орынды алған ең мықты университет болып есептеледі. 

Грант сомасы 208.000 доллар оқу шығынын жабады. 

Университетке биыл 50.000-ға жуық түлек тапсырса, бакалавриатқа тек 1400 студентті қабылдайды.

Олардың жартысы Қытайдан, ал қалғандары Америка Құрама Штаттарынан және 70-ке жуық басқа елдерден келеді. 

Университетте 19 түрлі мамандықтар бар, Диляра Сапар бизнес және экономика саласын таңдады.