Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысын өткізді. Онда депу­таттар осы аптадағы іс-шараларды талқы­лады және 22 ақпан күні өтетін Сенат оты­рысының күн тәртібін бекітті.
Бизнесті жақсартуға арналған заң қаралады
439
оқылды

Бүгін Сенатта Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру ая­сында «Демографиялық өсу – ұлттың стратегиялық артық­шылығының негізі» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтеді. Депутаттар министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың және мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлесіп, демографиялық жағдайды жақсартудың, көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелерін тал­қылайды.

Үкімет сағатына дайындық аясында сенаторлар Солтүстік Қазақстан облысына, бірқатар мемлекеттік ұйымға барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың демографиялық жағдайды жақсарту жө­нін­дегі тапсырмаларының іске асырылу барысымен танысқанын атап өткен жөн.

Алдағы палата отырысында сенаторлар «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Құжат­та бизнес үшін әкімшілік жүктемені азайтуға және кәсіпкерлік қызмет жағдайларын жақсартуға арнал­ған нормалар қарастырылған.

Іскерлік белсенділіктің дамуына серпін беру мақсатымен 12 кодекс пен 102 заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Одан бөлек, бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.