Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасы ұйымдастырған «Бабалар ізімен: қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты кітаптың тұсаукесеріне қатысты.
Бабалар мұрасын жалғаған жинақ
781
оқылды

Нұртөре Жүсіп Қазақстандағы толерантты қоғамның рухани құндылықтары мен қағидаттарын сақтаудың маңызына тоқтала келіп, Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев діндер теңдігі, толе­ранттылық және зайырлы мемлекеттің ұстаным­дарына ерекше назар аударып отыратынын атап өтті. 

«Мемлекет басшысы Қазақстандағы рухани құндылықтарды қадірлеу ісіне баса назар аударып отырады. Президент бұл мәселені ұдайы назарда ұстап, ұлттық дәстүрді сақтаудың маңыздылығы мен одан   сырт қалудың зардабы ауыр болатынын атап өткен болатын. Бүгінгі тұсаукесер Мемлекет бас­шы­сының бастамасымен жүзеге асып жатқан маңыз­ды жұмыстың бір бағыты болып табылады. Жеткіншек ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбие аясында ой-өрісі озық үйлесімді тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор Мемлекет басшысының алға қойған барлық міндеті қазіргі қоғамдағы негізгі мәселелерді шешуде аса маңызды екенін атап өтті. Міндеттерді іске асыру зайырлы мемлекет пен толерантты қоғам қағидатын дамытудағы стратегиялық маңызды қадам.

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар дәстүрлі исламды дамыту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және елімізді рухани-мәдени дамыту мәселелерін тал­қылады.