Іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Кешке Роза Бағланованың продюсері болған Қуаныш Абдухалимов, әншінің ұлы мен келіні арнайы шақыртылды. Сонымен қатар Қаскелең мәдениет колледжінің студенттері әннен шашу шашты. Жиын барысында әншінің ұлы Тәжен мен келіні Марал Бағлановалар «Анаға құрмет» музейіне анасының шапаны мен бөрігін, сахналық аяқкиімі мен 1980-1990 жылдағы шыққан концертінің афишасын, сонымен бірге автобиографиялық кітабын тарту етті. Музей қызметкерлері ризашылығын білдіріп, бұл аманатты музей қабырғасына қоятынын айтты.
Гүлнәр ӘБІШ,
«Анаға құрмет»
музейінің меңгерушісі