Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
9 облыста қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабық тұр
608
оқылды

20 ақпан сағат 06.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста республикалық маңызы бар 30 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz  "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Абай облысы - жалпы ұзындығы 2174 шақырым 7 автожол (температураның төмендеуі).

Облыс бойынша барлық бағыттарда (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін) (боран, жел, көрінудің шектелуі) «Омбы-Майқапшағай» шақырым 915-1002, уч. Қалбатау ауылы - Көкпекті ауылы (барлық көлік үшін);

Ақмола облысы – жалпы ұзындығы 41 шақырым 1 автожол (Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Астана-Ерейментау-Шідерті» шақырым 159-200, Ерейментау, Павлодар облысы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).

Шығыс Қазақстан облысы – жалпы ұзындығы 1268 шақырым 7 автожол (температураның төмендеуі). 

Облыс бойынша барлық бағыттар (қоғамдық көліктер және дизельдік көліктер).

Жамбыл облысы - жалпы ұзындығы 79 шақырым 1 автожол (температураның төмендеуі).

1."Алматы - Ташкент-Термез" Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық түрлер үшін).

Жетісу облысы - жалпы ұзындығы 58 шақырым 1 автожол (Абай облысының ауа райының нашарлауына байланысты қар, боран, жел, көрінуі шектеулі)

1 «Алматы-Өскемен»  557-615 шақырым,  Үшарал қаласы – Абай облысы (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер)

Қарағанды облысы – жалпы ұзындығы 732 шақырым 4 автожол (ауа райының нашарлауына байланысты Ұлытау, Абай, Павлодар облыстары)

1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 217-320 км, Қарқаралы-Абай обл. (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін)

2 «Қызылорда-Павлодар» 788-906 шақырым, Ұлытау ауданы – Топар ауылы (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер)

3. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 231-324 шақырым, Павлодар обл.-Ботақара. б.(қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін) (температураның төмендеуі)

4. «Екатеринбург-Алматы» 1505-1854 шақырым, Жаңа құрылыс ауылы – Балқаш қаласы ( қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).

Қостанай облысы - жалпы ұзындығы 83 шақырым, 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысы-Арқалық қ. Барлық көлік түрлері)

Павлодар облысы - жалпы ұзындығы 1624 шақырым 8 автожол (ауа температурасының төмендеуі)

1. Барлық облыстар, барлық бағыттары (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін)

Ұлытау облысы - жалпы ұзындығы 543 шақырым 2 автожол (боран, жел, температураның төмендеуі)

1. «Жезқазған-Петропавл» - Қостанай облысы-Ұлытау ауылы (барлық көлік түрі) Жезді-Ұлытау ауылы. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)

2. «Қызылорда-Павлодар» - Қарағанды облысы-Жезқазған қаласы (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).

Осы  сағатқа Республикалық маңызы бар автожолдарда 211 бірлік техника және 318 адам жұмылдырылды.