Әкесі қызының ұялы телефонын тартып алғандықтан, араларында кикілжің туындаған.
«Әкесі телефонын тартып алған»: Түркістан облысында жасөспірім көпірден секірмек болды
3,002
оқылды

Түркістан облысында әкесі телефонын алып қойғандықтан, көпірден секіріп, суицид жасамақ болған қызды полиция құтқарып қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сауран аудандық полиция бөлімінің "102" тетігіне Шымкент-Түркістан бағытындағы көпірден жасы кәмелетке толмаған жас қыздың секіруге әрекеттеніп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

- Оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Тәртіп сақшылары келген кезде жасөспірім қыз көпірден секіруге ыңғайланып тұрғанын көріп, райынан қайтару үшін онымен тез арада сөйлесу қажет екенін түсінді. Содан полиция инспекторлары бойжеткенді секірмеуге үгіттеп, қауіпті қадам жасамауға көндіре бастайды. Сол сәтте тәртіп сақшысының бірі қолайлы сәтті пайдаланып, бойжеткенді шапшаңдықпен ұстап қалып, қауіпсіз аумаққа алып шықты. Қырағылық пен жедел әрекеттің арқасында полицейлер осылайша 9-сынып оқушысын құтқарып қалды, - делінген Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Белгілі болғандай, әкесі қызының ұялы телефонын тартып алғандықтан, араларында кикілжің туындап, жасөспірім ойланбастан осы қадамға барған.