Бүгін ауа райы қандай болады?
Аязды ауа райы сақталады: 20 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay
2,579
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

«Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қарлы бұрқасын мен қар жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта желдің күшеюі күтіледі, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі», — делінген ведомство хабарламасында.

Жетісу облысында -30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында -45 градус қатты аяз болады.