Бұл туралы қалалық Білім басқармасынан мәлім етті.
Ертең Астанада І ауысым оқушылары онлайн оқиды
Фото: pixabay.com
1,793
оқылды

Астана қаласында 22 ақпан күні І ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Білім басқармасы мәлімдеді.

«2024 жылғы 21 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген басқарма ақпаратында.

Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты елімізде 17 республикалық автожол жабылғанын жазған болатынбыз.