Көлік министрі Марат Қарабаев БЖЗҚ қаражаты есе­бінен сатып алынатын вагондар Қазақстанда өнді­рілетінін айтты.
Вагон алуға жұмсалады
561
оқылды

«Зейнетақы қорынан вагон­дарды сатып алуға қаржы бөлінеді деген мәселе қоғамда қызу талқы­ланып жатыр. Шынында да зей­нетақы қорынан «Бәйтерек» хол­дингі қаржы алды. Соның ішін­де вагондарға 184 млрд теңге жұмсалып отыр. Оған жолаушы­ларды тасымалдайтын 100 вагон, сондай-ақ жүк тасымалдайтын үш мың вагон алынып жатыр. Зейнетақы қорында қаражаты жұм­салған азаматтарға бұл мін­дет­ті түрде пайда әкеледі. Бұл рет­те, бірінші мәселе халықтың сол жақтағы ақшасы елге, жұртқа пайда әкеледі. Өйткені бұл на­рық­тық пайызбен алынған ақша, яғни «Бәйтерекке» жеңілдетілген ақша берілген емес. Екіншіден, басқарушы холдинг мемлекеттің меншігінде. Сондықтан ол ақ­шаны қайта қорға айналып келіп түсуіне мемлекет толық кепілдік береді. Үшіншіден, вагондар отан­дық зауыттардан сатып алы­нады», – деді М.Қарабаев Пар­ламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда, министр вагон­дар ел игілігіне пайдаланы­латынын айтты. Жолаушыларды тасымалдайтын вагондарды Пет­ропавлдағы ЗИКСТО компания­сы жасайды. Сондай-ақ жүк ва­гон­дарын Екібастұздағы компа­ниядан алу жоспарланған.