Бүгін ауа райы қандай болады?
-45 градус аяз: 22 ақпанға арналған ауа райы болжамы
674
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

Тек батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Республиканың ңтүстігінде, оңтүстік-шығысында   жел күшейеді, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында   тұман түседі.

Қарағанды облысының шығысында -40 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында -45 градус, Абай облысында -35-40 градус, Жетісу облысының таулы аудандарында -27 градус қатты аяз сақталады.