Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.
Түркістан облысында өз балаларын аяусыз тепкілеген ер адам ұсталды
Фото: freepik.com
1,135
оқылды

Түркістан облысында балаларға қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан ересек адамның жерде жылап жатқан баланы бірнеше рет аяусыз тепкенін көруге болады. Ал қасында жылап жатқан кішкентай қызға назар аудармайды.

Видеодан скриншот

Аталған жағдайға қатысты ресми пікір білдірген Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді.

«Жасөспірім балаларға қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Істің тергелуі Түркістан облысы ПД бастығының жеке бақылауында. Жалған ақпарат таратқанға заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып, азаматтардан тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз», делінген ведомство ақпаратында.