23 ақпан түнгі 01:00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты 7 облыстағы республикалық маңызы бар 20 жолда қозғалысқа шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Абай облысында – үш учаске, жалпы ұзындығы – 153 км.
Ақмола облысында – бір учаске, жалпы ұзындығы – 28 км.
Ақтөбе облысында жалпы ұзындығы 145 км болатын бір автожол.
Шығыс Қазақстан облысында – барлығы 7 учаске, ұзындығы – 1238 км.
Қостанай облысында жалпы ұзындығы 1141 шақырым болатын 5 автожол.
Солтүстік Қазақстан облысында – екі жол, жалпы ұзындығы – 59 км.
Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырым бір автожол.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 316 техника мен 382 адам жұмыс істеп жүр.