Бүгін ауа райы қандай болады?
Аяз, бұрқасын: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: zakon.kz
1,002
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында -42 градус қатты аяз, Абай облысының шығысында -40 градус қатты аяз сақталады.