Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды.
Шетелдік көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқандар ұсталды
1,242
оқылды

Көкшетау қаласында шетелдік көліктерді заңсыз тіркегендер анықталды, деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, 2 адамның жалған төлем құжаттарын пайдаланып, алымдарды төлемей шетелдік көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған. Істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді.

– Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын – шамамен 449 млн теңге, – деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.