Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, боран соғады: 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: gov.kz
678
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 26 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің тоғыз өңірінде боран соғады.

Алматы, Шымкент, Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының таулы аймақтарында, Батыс Қазақстан, Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Таулы жерлерінде боран соғады.

Антициклон әсерінен 26 ақпанда еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі.