Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығы­мен палата бюросының оты­­рысы өтті. Онда 29 ақ­пан күні болатын Сенат оты­­рысының күн тәртібі бекітілді.
Палата отырысы
фото: Aikyn газеті
405
оқылды

Соған сәйкес, алдағы бей­сенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заң­нама­лық актілеріне бизнес жүр­гізу мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу тура­лы» заңды екінші оқылымда қарайды. Бұл заң кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен әзірленген.

Құжат нормалары мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысан­дарын ретке келтіруге, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге және дамытуға арналған жағдайларды жақсар­туға, Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыруға арналған.

Сонымен қатар Сенат отыры­сында «Халықаралық су ағын­дарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны рати­фика­циялау туралы» заң қаралады. Кон­венция – жерүсті және жер­асты суларын әділ және тұрақты басқаруға ықпал етудің жаһандық құқықтық тетігі. Олардың бөлік­тері әртүрлі мемлекетте кез­десе­тінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық эко­номикалық одақ шеңберінде ме­дициналық бұйымдар (меди­цина­лық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) ай­налы­сының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өз­ге­ріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң да палата отырысының күн тәртібіне шығарылды. Аталған құжат тиісті саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Одан бөлек,  бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.