Өрттің алдын ала аумағы 370 шаршы метр.
Петропавлдағы автосервис орталығында алапат өрт болды
Фото: ТЖМ
335
оқылды

Петропавлда "Айман" автосервис орталығы өртке оранды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД жеке құрамның 64 адамы мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылған.

– Өрт сағат 00.07 оқшауланды. Өрттің алдын ала аумағы 370 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру кезінде ғимараттан 6 автокөлік эвакуацияланды, - делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орнына СҚО ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев пен өрт сөндіру қызметінің бастығы Нұрлан Нүкішевтің қатысуымен өртті сөндіруге арналған штаб жұмылдырылды.