«Қазгидромет» 27 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.
Қазақстанның қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне орай қар жауады, оңтүстікте жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. ҚР бойынша тұман түседі.