Құс фабрикасының ғимаратында 4 мың бөдене болған.
Қызылорда облысында құс фабрикасы өртенді
462
оқылды

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы құс фабрикасында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

– 28 ақпанда сағат 04:37-де жеке бір қабатты құс фабрикасының төбесі өртеніп, өрт 288 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталуда, – деп хабарлады ТЖМ. 

Куәгерлердің сөзінше, құс фабрикасының ғимаратында 4 мың бөдене болған.

Өрт сағат 06:12-де сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылған.