Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен TikTok қазақстандықтарды қазақтілді және отандық үздік фильмдер байқауына, сондай-ақ #tiktokshortfilm әлемдік жобасына қатысуға шақырады.
ТикТокшылар Канн фестиваліне барады
741
оқылды

TikTok платформасы биыл үшінші рет қатарынан #TikTokShortFilm өткізеді. Байқауда 55 елдің авторлары бүкіл әлемнің көрерменіне өз туындысын ұсынады. Былтыр #tiktokshortfilm хэштегімен 2 миллионнан астам видео түсірілген. 

Қатысушылар 2024 жылғы 21 ақпаннан 15 наурызға дейін байқау шарттарына сәйкес ке­ле­тін 1 минуттан асатын түп­нұсқа бейнеролик жариялауы қажет. Қазылар алқасы «Бас жүлде», «Үздік сценарий», «Үз­дік режиссерлік жұмыс» номи­нациялар жеңімпазын анық­тайды. Үздіктер Францияда 77 рет өтетін Канн кинофести­валінің марапаттау рәсіміне ша­қырылады.

«Бас жүлде» номинациясы­ның жеңімпазы 10 мың еуро кө­лемінде сыйақы алады, қал­ған екі номинация бойынша үз­дік жұмыс авторларына бола­шақта шығармашылығын да­мы­ту үшін бес мың еуродан бе­ріледі. Сондай-ақ Қазақстан авторлары да дәл сол күндері жергілікті қысқа бейнефильм­дер байқауына қатыса алады. «Қазақстандағы ең үздік қысқа фильм» және «Қазақ тіліндегі ең үздік қысқа фильм» атты екі номинация бойынша жұмыстар қабылданады. Байқау жеңім­паз­дары Канн кинофестиваліне қатысады.