Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, тұман түседі: 4 наурызға арналған ауа райы болжамы
1,263
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 4 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, антициклон жотасы елдің батысы мен оңтүстік-батысында құрғақ, желсіз ауа райының қалыптасуына ықпал етеді.

Республиканың қалған аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне қарай қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр, қар жауады, бұрқасындатып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста көктайғақ болуы ықтимал. Еліміздің басым бөлігінде тұман түседі.