«AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалы және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өркен» коворкинг орталығында Жетістік жолы атты тақырыппен кездесу кеші өтті.
1 наурыз күні елімізде Алғыс айту күні аталып өтеді. Сонымен қатар, еліміздегі ең ірі саяси ұйым «AMANAT» партиясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы атаулы датаға орай шараға партияның аудандық филиалында еңбек еткен, қазіргі таңда еңбек ардагерлері Д.Жақсыбаев пен С.Аймұқашев шақырылды.
Бұл кездесу «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесу қонақтары қатысушыларға өз өмірі мен еңбек жолы, партия құрылған уақыттан бастап атқарған жұмыстарын әңгімелеп, сұрақтарына жауап берді.
Шара барысында Дәулетжан Әбдірахманұлы белсенді қатысқан көрерменге өз қолтаңбасы мен тілегін қалдырып, кітап сыйға тартты.
Кездесуді қорытындылаған «AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Артур Орынғалиұлы Ермұханов партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттерді табыс етіп, кездесуге келген қонақтарға ыстық ықыласын білдіріп, алғыс хат пен естелік сыйлықтарды табыс етті.