Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.
ТЖД Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасады
1,449
оқылды

Алматы қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев қала тұрғындары мен қонақтарын сабырға шақырып, мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі болды. Үрейге бой алдырмаңыз. Бірінші тербеліс аяқталғаннан кейін, ғимараттан шығыңыз. Жақын орналасқан халықты қабылдау пунктеріне барыңыз. Тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сеніңіз. Дабыл сигналын естігеннен кейін, құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай нақтыланған соң, қосымша ақпарат беріледі», – деді Нұрлан Атығаев. 

Сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 4 наурыз күні 11 сағат 22 мин 05 секундта Алматы қаласында жер сілкінісін тіркеді. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.2. MPV магнитудасы – 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км.