Өңір басшысы су өткізу арықтарын тазарту, елді мекендерден қар шығару жұмыстарын белсендіруді жүктеді.
Көкшетауда іші суға толған мектепке облыс әкімі барды
1,660
оқылды

Көкшетауда еріген қар суынан іші малмандай суға толған Бірлік шағынауданындағы №22 орта мектепке облыс әкімі Марат Ахметжанов барып жағдайды білді,  деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Облыс әкімдігінің мәліметінше,  мектептің ішіне дейін су кіріп кетуіне ішкі электр желілері өтетін саңылаулардың дұрыс бітелмеуі себеп болған. 

– Мектептің ішіне дейін кіріп кеткен суды сорып алуға барлық күш-құрылымдары жұмылдырылып, жедел жұмыс жүргізді. Материалдық шығын келтірілген жоқ. Қазіргі уақытта жертөле ғимараттарының жағдайы қанағаттанарлық. Көкшетау қаласының әкімдігімен мектеп аумағынан суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Өңір басшысы барлық аудандар мен қалалардың әкімдеріне мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандарды толықтай аралап тексеруді тапсырды. Сондай-ақ су өткізу арықтарын тазарту, елді мекендерден қар шығару жұмыстарын белсендіруді жүктеді. 

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы