Ойыл өзенінің тасқын суы Көздіғара ауылдық округінің іргесіндегі бөгетін бұзып жіберді. Қазіргі уақытта оқиға орнында шұғыл эвакуациялау жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сонымен бірге бүгін Қызылқоға ауданындағы Балабейіт қыстағын су басып кетті. Абырой болғанда, адам, мал шығыны жоқ. Қыстақтағы 3 үйдің 11 тұрғынын 1 сәуір күні Су полициясының қызметкерлері қайықпен эвакуациялаған.
Сондай-ақ кешегі тәуліктен бері тасқын су басқан Тайсойған ауылынан 100-ден астам тұрғын моторлы қайықтардың көмегімен эвакуацияланды және бүгін сағат таңғы 7-ден бері Көздіғара елді мекенінен 30-ға жуық тұрғынды эвакуациялау басталды.
Баян Жанұзақова