Сондай-ақ, ЖОО-ның 2024-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді.
Қарағандыдағы Е.А. Бөкетов атындағы оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі берілді
589
оқылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі қаулысымен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Сондай-ақ, ЖОО-ның 2024-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді.

«Бұл шешім университеттің еңбегін және оның ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесін мойындау болып табылады. Buketov University көптеген жылдар бойы отандық білім берудің флагманы болып табылады, еліміздің үздік бес университетінде сенімді орын алады. QS Asia рейтингінде университет өзінің бәсекеге қабілеттілігін халықаралық деңгейде көрсете отырып, 206-шы орынды иеленеді», – деп жарияланды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ Instagram-да ресми парақшасында.

Университетте 2000-ға жуық жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшелері мен беделді ғылыми стипендиялардың лауреаттары бар. 13 факультет, 20 ғылыми-зерттеу институты, ғылыми орталықтар мен ғылыми зертханалар жұмыс істейді.

«Бүгінде ЖОО-да жалпы сомасы 2 млрд теңгеге 112 ғылыми жоба іске асырылуда. Бұл жобалар «жасыл» технологияларды дамытудан бастап цифрлық әлемде әлеуметтік бейімделуге дейінгі көптеген салаларды қамтиды. Сонымен қатар, университет шамамен 1 млрд теңгеге үш «мегагрантпен» мақтана алады, бұл оның ғылыми қоғамдастықтағы көшбасшылық позициясын тағы да растайды», – деп мәлімдеді ЖОО-да.

Е.А .Бөкетов атындағы ҚарУ ректоры Нұрлан Дулатбековтың айтуынша, мәртебе өршіл жобаларды дамыту мен іске асыру үшін жаңа көкжиектер ашады.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ