Бүгін ауа райы қандай болады?
Қатты ыстық, жаңбыр, жел: 10 маусымға арналған ауа райы болжамы
2,518
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 10 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік өңірде бұршақ, жаңбыр, дауыл күтіледі. Ел аумағы бойынша жел күшеюі мүмкін. 

Күндізгі уақытта Алматы, Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ұлытау, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе облысының және Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.

Сондай-ақ, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстарында және Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды, облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Түркістан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының шығысында, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.