Жайлылық үшін Jolion проекциялық дисплейін, сымсыз қуаттандыруды, Apple carplay және Android auto (жаңартылған Android), панорамалық шатырды ұсынады.
Қазақстанның дилерлік орталықтарында жаңартылған Haval Jolion
839
оқылды

"Астана Моторс" құрамындағы Haval Motor Kazakhstan Қазақстандағы танымал кроссоверлердің бірі – Haval Jolion жаңартылған нұсқасын ұсынды. 2024 жылғы фейслифтинг сапа мен баға үйлесімін сақтай отырып, модельге сыртқы және ішкі өзгерістер санын енгізді.

Өзгерістердің бағыты  қауіпсіздік, жайлылық және климатқа бейімделген.

Қауіпсіз жүргізу үшін көлікте 360° айналмалы шолу камерасы, автоматты тұрақ жүйелері, "соқыр" аймақтарды бақылау, белгілерді тану және соқтығысудан алып қалу қызметтері қарастырылған.

Жайлылық үшін Jolion проекциялық дисплейін, сымсыз қуаттандыруды, Apple carplay және Android auto (жаңартылған Android), панорамалық шатырды ұсынады. Рульді реттеу және круиздік бақылау, аудио және борттық компьютер сияқты автомобиль жүйелерін мүмкіндігінше ыңғайлы басқару рульдегі түймелердің көмегімен ұйымдастырылған.

Сыртқы жағынан, жаңа Jolion таныс қасиеттерін сақтап қалды, бірақ одан әрі талғампаз және стильді болды. Радиатор торы суретін өзгертіп қана қоймай, тордан және молдингтан, экологиялық емес хром алынып, енді бұл бөлшектер ультра қара түсті. Дизайнерлер сыртқы жағына жол талғамайтын қара пластикалық көтергіш пен артқы спойлерді қосты. Ішінде контурлық жарықтандыру және салонның "өз" түсін таңдау мүмкіндігі қосылды (өндіруші мәртебелі қара, өршіл қызыл және талғампаз сұр ұсынады!).

Jolion-2024  жастарға арналған мінезі бар кроссовер. Ол 1,5 литрлік 143 ат күші бар жанармаймен жұмыс істейді, айналу моменті 200 Нм-ден асады. Сатылымда 4 жиынтық бар: comfort – 6 сатылық маханикалық беріліс қорабы және PREMIUM TECH PLUS,TECH PLUS және TECH PLUS 4WD -7 сатылы роботтандырылған беріліс қорабы және қосылатын толық жетегі бар. Құны 8 990 000 теңгеден басталады.

Сатып алу кезінде ресми дистрибьютор 5 жыл кепілдік береді және 3 ТҚК сыйлық ретінде ұсынады! Haval артықшылықтарын, жоғары сапасын және сенімділігін жеке бағалау үшін тест-драйвқа жазылыңыз.