Елімізде лудомандарды емдеудің жаңа тәртібі енгізіліп жатыр.
Мемлекеттік емханаларда лудомандарды емдеуде анонимдік сақталады
450
оқылды

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев диспансерлік есепке қоймай емдеу лудомандарды сапалы тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.

Лудомандар мемлекеттік клиникалардан көмек сұрамайтыны белгілі. Есепке алынған азаматтар ЖОО-ға түсе алмайды, әскерде қызмет ете алмайды және жұмысқа орналаса алмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 19 лудоман ресми есепте тұр. Әрине, бұл статистика нақты жағдайды көрсетпейді. Пациенттердің көбі өте көп ақша жұмсап, жеке ұйымдарда оңалтудан өтеді. Енді мемлекеттік клиникаларда да анонимділік қамтамасыз етіледі, – деді спикер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.