Әңгімелесу барысында жәбірленушіге Агенттік атынан жалған құжаттар жіберіледі, онда мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері орналастырылады.
Қаржылық мониторинг агенттігі атынан хабарласатын алаяқтар көп
602
оқылды

Қазір алаяқтар телефонға хабарласу немесе хабарлама жіберу арқылы өзін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сұхбат барысында Қазақстан резиденттерінің қаражатын банктік шоттардан қылмыстық жолмен алудың әртүрлі схемаларын сылтау етіп, алаяқтықтың ықтимал белгілеріне және ҚМА тарапынан қойылған шектеулерге байланысты банктердегі шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы хабардар етеді. Ары қарай, алаяқтар банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды. 

Әңгімелесу барысында жәбірленушіге Агенттік атынан жалған құжаттар жіберіледі, онда мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері орналастырылады. Бұл ретте, қоңырау шалушылар өз әрекеттері жайлы ешкімге хабарламауға кеңес береді. 

"Қаржылық мониторинг агенттігі жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысулар не операциялар жүргізбейтінін және жеке тұлғалармен байланыс орнатуға бағытталған қызметті іске асырмайтынын ресми түрде мәлімдейді", - делінген Агенттік хабарламасында.