Туризмнің дамуына серпін беретін Balhash Tour Fest Қарағанды облысына қарасты Балқаш қаласында екінші мәрте өтті. Фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарын көл жағасындағы түрлі ойын-сауық пен мәдени іс-шарамен қу­­­­­антып келеді. Ұйымдастырушылар демалушыларға мәдени, спорттық және экология­лық іс-шараларды қамтитын екі күндік ауқымды бағдарлама ұсынды.
Туризмге серпін берер фестиваль
793
оқылды

Фестиваль көлдің жағасында, Ақшағыл ауданын­да өтті. Фестивальдің ашылуымен қонақтарды ту­р­изм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев құттықтады.

– Туризмді дамытуға бағытталған орасан зор мә­­­­­­­дени және спорттық іс-шараның өтуімен құттықтаймын. Жыл сайын Балқашта туристер саны артып келеді. Былтыр аймаққа 360 мыңнан астам демалушы келді. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 60 мыңға артық. Көлдің курорттық аймағы республикалық туристендіру картасының топ-10 нысанына кіретіні бекер емес, – деді Ержан Еркінбаев.

Фестивальге келушілерге ыңғайлы болу үшін жағалауға дейін тегін тасымалдау ұйымдастырылған. Автобустар әр 15 минут сайын жүрді.

Santorini демалыс аймағына қарама-қарсы жерде ақысыз көлік тұрағы бар, мұнда полиция бекеті де жұмыс істейді.

– Биыл біз фестивальді былтырғы тәжірибені ескере отырып ұйымдастыруға тырыстық. Ересектер мен балалар екі күн бойы әртістердің, жарқын шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалай алады, спорттық жарыстар мен экоакцияларға қатыса алады. Balhash Tour Fest біздің қаламыздың визит картасына айналуы және туристер ағынын арттыруға тиіс, – деді ашылу салтанатында Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев.

Ашық аспан астындағы экранда демалушылар отандық кинематографтың фильмдері мен мультфильмдерін тамашалады. 

Фестивальге келгендер ұлттық аспаптардың жылжымалы мұражайына барып, фитнеске, йогаға қосылды, волейбол, гір спорты және армрестлинг жарыстарында бақ сынады.

Жағажайда үлкен фуд-корт пен қолөнершілер дүкендері орналасқан. 

Мұнда дәмді тамақтанып қана қоймай, қолөнершілер жасаған ерекше кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдарды сатып алуға болады.

– Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Биыл бізге өте жақсы орындар, бірыңғай жабдықтар бөлінді. Біз үшін орындар ұлғайтылды. Қаламызда осындай фестиваль өтіп жатқанына қуаныштымыз. Көңіл-күйіміз тамаша, туристер қуанышты, Balhash Tour Fest жыл сайын өткізілуі керек. Адамдар біздің қала мен ең әдемі көл туралы білуі керек, – дейді кәсіпкер Лилия Зуева.

Таңертеңгілік жаттығулар мен ойындардан кей­ін қонақтар аспаздар мен бармендердің байқау­ларын тамашалады. Олар барбекю мен алкогольсіз кок­тейльдер дайындаудан жарысты. Сондай-ақ қо­­­­­­­­­­­­­нақтарды дискотека мен яркокросс, көлде спорттық жарыстар, су ойын-сауықтары және экокросс қыз­ықтыра түсті. Фестивальдің басты хедлайнері – қазақстандық эстрада жұлдызы Дастан Оразбеков болды. Қонақтар екі күн бойы Азамат Бакияның «Жошы» этно-фольклорлық тобының, TIMURS TEAM би ұжымының, «АстанаKZ» командасының, Say Mo және отандық эстраданың басқа да жұлдыз­дарының шығармашылығымен жақынырақ таныса алды. Фестивальдің жабылу құрметіне мерекелік отшашу ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, көл жағасындағы мерекенің басты міндеті – өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениет дағдыларын қалыптастыру. 

 

Қарағанды облысы,

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ