Шымкент қаласы өңірлік ком­муникациялар қызметінің ақ­парат алаңында өткен баспасөз бри­фингінде қалалық Білім бас­қар­масының басшысы Нұргүл Шәм­шиева оқу жылы қарсаңында мек­тепке дейінгі тәрбие, орта бі­лім, материалдық-техникалық ба­заның нығаюы, қала оқу­шы­ла­ры­ның қосымша біліммен қам­тылуы, тәрбие бағыты, білім са­ла­сындағы жетістіктер мен жа­ңа­шылдықтарын жеткізді.
Салада  соны бетбұрыс
1,689
оқылды

Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы – басты назарда

Шымкент қаласындағы 982 бі­лім беру ұйымында 415 908 тәр­биеленуші білім алуда. Білім беру ұйымдарының 258-і мемлекеттік бол­са, ондағы бала саны 258-ді құ­райды, қалғандары жекеменшік бі­лім беру ұйымдарында. Мем­ле­кет басшысының Жолдауында мек­тепке дейінгі тәрбие жұмысы бас­ты назарда болуы керек екені аталған. «Балаларды балабақша­мен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәр­биешілердің әлеуметтік мәр­те­бесін арттырып, жалақысын кө­бейту керек. Осы саладағы ма­ман­дарға қойылатын нақты та­лап­тар бекітілуге тиіс. Олардың жұ­мыс жүктемесін де біртіндеп азайт­қан жөн. Өз ісіне адал ұстаз­дар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан бала­бақ­шаны емес, тәрбиешіні аттес­та­циялау қажет» деген болатын Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Үшінші мегаполисте бүгінде 611 балабақша жұмыс істеп тұр. Орын тапшылығын жою мақ­са­тында 2023 жылы 30 балабақша ашы­лып, балаларды мектепке дейін­гі тәрбиемен және оқытумен қам­туды ұлғайту үшін 2 945 орын­ға мемлекеттік тапсырыс берілген. Биыл балаларды 2 жастан бастап мек­тепке дейінгі біліммен қамту, же­кеменшік балабақша есебінен са­нын арттыру бағытында мемле­кет­тік тапсырыс негізінде 3 150 орын­мен қамту жоспарланған. Жос­­пар бойынша биыл жаңадан ашылатын 32 балабақшаның 13-і сәуір айында ашылып, 242 орынға мем­лекеттік тапсырыс берілген. Нә­тижесінде, 1-6 жас аралы­ғын­дағы кезекте тұрған 86 387 ба­ла­ның 86 пайызы мектепке дейінгі тәр­биемен және оқытумен қам­тыл­са, 2-6 жас аралығындағы 83 590 тәрбиеленушінің 89 пайызы бө­бекжаймен қамтылған. «Жыл соңы­на дейін балабақшаларды мем­лекеттік тапсырыс аясында қо­сымша 2 100 орынмен қамта­ма­сыз ету күтіліп отыр. Оның 100 ор­ны ата-аналарға ваучер беру ар­қылы жүзеге асырылмақ. Со­ны­мен қатар қыркүйек айында 14 ба­лабақша және желтоқсан айын­да 5 балабақша ашылады», – деп атап өтті басқарма басшысы Нұр­гүл Ақылбекқызы.

«Орта білімнің сапасы – та­быс­ты ұлт болудың тағы бір маңыз­­ды шарты. Әрбір оқу­шы­ның білім алып, жан-жақты да­муы үшін қолайлы жағдай жа­салу­ға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың бала­ның заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апат­ты жағдайдағы және үш ауы­сыммен оқитын мектеп мәселесін то­лық шешеміз. Бұл ауыл және қа­ла мектептерінің айыр­ма­шы­лы­ғын едәуір азайтады», – дейді Президент өз Жолдауында. Шым­кент қаласында орта білім берудің ба­ғыты бойынша 2024-2025 оқу жы­лына 1-сыныпқа 26 979 оқу­шыны қабылдау жоспарланған. Биыл пайдалануға берілетін 12 мектептің 9-ның ашылуы жаңа оқу жылында жоспарланған. Яғ­ни, жалпы 9 жайлы мектепке 9 300 оқушыны өзге мектептерден ауыс­тырып, 13 мектеп 1 ауысымға кө­шіріледі. Жалпы, 12 жайлы мек­тепке кадр резервіндегі 9 кан­дидат директор лауазымына та­ғайын­далған. 

Ерекше білім беруді қажет етеді

Әділетті Қазақстанды құру ісін­де мұғалімдердің рөлі айрық­ша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз маман­ды­ғының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс істелді. Прези­дент бұл бағытта әлі де біршама өз­ге­ріс жасау қажет екенін атап өтті.

Педагогикалық жоғары оқу орын­дарын аккредитациялаудың жаңа стандарты қабылданады. Сондай-ақ ұстаздардың құзырет ая­сы айқындалады. Бүгінде ми­нистрдің бұйрығына сәйкес пе­дагог лауазымына бірнеше талап ар­қылы конкурс негізінде қабыл­да­нады. Шымкент қаласында 2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдарындағы 747 бос орынға 2 119 адам қатысып, 475 педагог іріктеліп, жұмысқа қабылданған. 

Мемлекет басшысының «Тех­ни­калық және кәсіби білім бере­тін оқу орындары еңбек нарығы­ның нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономи­ка­лық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек» деген сөзі бар. Соң­ғы жылдары кәсіптік білімнің көк­­жиегі кеңейіп, мемлекет та­ра­пынан біршама мүмкіндік қарас­ты­рылуда. 

Шымкент қаласында 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойын­ша техникалық және кәсіп­тік білім беру ұйымдарының же­лісі 38 колледжді құрады. 38 кол­ледж­де 47 020 студент білім алды. Оның 23 587-і бюджет шеңберінде мемлекеттік тапсырыс негізінде бі­лім алды. Биыл колледжер саны тағы 2-еуге көбейді. Брифингте Нұргүл Ақылбекқызы қазір 2024-2025 оқу жылына еңбек нары­ғын­да сұранысқа ие мамандар даярлау мақ­сатында 11 500 талапкерді мем­­лекеттік тапсырыс негізінде қа­­былдау шаралары жүзеге асы­ры­лып жатқанын айтып өтті. «Ал­дағы 2024-2025 оқу жылында жұ­мыс беруші кәсіпорындардың есе­бінен 15 жекеменшік колледж­де 51 талапкерді қабылдау жүзеге асырылады. Ерекше білім беруді қа­жет ететін балалар үшін сұра­ныс­­қа сәйкес 5 мамандық бойын­ша 75 орын бөлініп отыр», – деді бас­қарма басшысы. 

 Ал қазір колледждерге 12 мың­­нан астам талапкердің құжа­ты қабылданған. Сондай-ақ Мем­ле­кет басшысының Жарлығына сәйкес студенттердің стипендия­сын 2 есе ұлғайту жұмыстары қа­таң жүзеге асқан. Аймақта түлек­тер­ді жұмысқа орналастыру ша­­­ра­лары назардан тыс қал­май­ды. 2022-2023 оқу жылының қо­ры­тындысы бойынша 11 035 бі­тіру­­ші колледжді аяқтаса, оның 9 246-сы жұмысқа орналасқан. 

«Ата-аналар мен оқушылар ал­ған білімінің және игерген ма­шық-дағдысының сапалы және сұра­нысқа ие болуы үшін белгілі бір деңгейде жауапты екенін сезі­нуге тиіс. Сондықтан олармен де үнемі әріптестік қатынас орната білу керек. Осы мақсатта жеке бі­лім беру ваучерлерін енгізу жос­парланып отыр», – деп атап өткен еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Жеміс берер жобалар

Бүгінде бұл тұрғыда пилоттық жоба енгізілген. Пилоттық жо­ба­ның мақсаты – дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мем­лекеттік білім беру тапсы­ры­сын орналастыру процесінің ашық­­­­­тығын қамтамасыз ету, сы­байлас жемқорлық тәуекелдерін және «Жалған орындар» тәуекел­де­рін азайту, бюджет қаражаты­ның атаулылығы мен мақсатты пай­даланылуын қамтамасыз ету. Пилоттық жобаның операторы бо­лып «Қаржы орталығы» АҚ ай­қын­далған, яғни барлық іс-әрекет со­лардың қатысуымен жүргізіледі.

Ваучерлік қаржыландыруда мек­тепке дейінгі ұйымдарды таң­дау құқығы ата-аналарға беріледі жә­не «Ақша балаға ереді» қағи­даты жүзеге асырылады. Бала қай балабақшаға ауысса, қаражат сол балабақшаға ата-ана қатысу пара­ғын растағанда аударылады. Со­ны­мен қатар баланың бір бала­бақ­шадан екінші балабақшаға ауы­су мәселесі оңайлатылады. Егер бала басқа елді мекенге көш­се, мемле­кет­тік тапсырыстың кү­ші жойыла­ды. Бүгінде «Қаржы ор­талығы» АҚ мен Шымкент қа­ла­сының Білім басқармасы ара­сын­да:

•  тапсырма шарты жасалды;

• пилоттық жобаны іске асырудың Жол картасы әзірленді;

• мемлекеттік тапсырысты ала­тын балабақшалардың қалып­тас­тырылған тізбесі операторға («Қар­жы орталығы» АҚ) жолдан­ды.

Шымкент қаласының Білім бас­қармасында жүзеге асып жат­қан жобалардың қатарында «Тә­лім­герлік мектептер» жобасы бар. Жо­ба шеңберінде білім беру ұйым­дарында оқу-тәрбие про­це­сінің өзекті мәселелері бойынша пе­да­гогтердің кәсіби құзырет­ті­лік­терінің әлеуетін арттыру және тәжірибе алмасу үшін жаңадан та­ғайындалған мектеп дирек­тор­ларының тәлімгерлері ретінде мек­теп көшбасшыларының ди­рек­торларын бекіту көзделеді. Ал «Мобильді мұғалім» педагогтердің үз­діксіз кәсіби дамуын қамта­ма­сыз ету мақсатында жүзеге асы­ры­лады. «Жоба аясында үздік және озық тәжірибелі педагогтердің сабақтарынан база жасақталуда. Үздік сабақтарға әдіскерлер тара­пы­нан талдау жасалып, жинақ­талу­да. Тәжірибе алмасу мақ­са­тын­да Әдістемелік орталықтың You­Tube каналына жүктелуде. Қа­зір жалпы «Мобильді мұғалім» жо­басын іске асыру мақсатында үз­дік педагогтердің 136 сабағы Әдіс­темелік орталықтың YouTube ка­налында жинақталды», – дейді Білім басқармасының басшысы. 

Сонымен қатар «Сапалы бі­лім» жобасы – білім алушылардың білім сапасын арттырып, әр оқу­шы­ның сапалы білім алуына жағ­дай жасап, пәндерді оқытуда фун­кционалдық сауаттылықты қа­лыптастырып, командалық жұ­мыс арқылы педагогтердің уәж­демесін арттыруды көздейді. Жо­ба аясында мұғалімдер мен мектеп бас­шыларына нақты әдістемелік көмек көрсетіледі, сондай-ақ са­бақтардың сапасын арттыру мақ­сатында басқа мектептерде сабақ беретін пән мұғалімдеріне қолдау көрсетіледі.

Брифингте осы және басқа да үшін­ші мегаполистің білім сала­сын­да атқарылған жұмыстары мен жаңашылдықтар айтылды. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы