Науқастың өзінің есінде ештеңе жоқ.
Көкшетаудағы диспансерде 25 жылдан бері жатқан адамның туыстары іздестіріліп жатыр
2,252
оқылды

Ақмола облысында 1999 жылдан бері Көкшетаудағы психоневрологиялық диспансерде жатқан, есінен айырылған ер адамның туыстары іздестіріліп жатыр, деп жазады Aikyn.kz.

Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді.

"Бұл адам 1999 жылдан бастап Көкшетауда психоневрологиялық диспансерде жатыр. Ол туралы ешқандай дерек жоқ, өзінің де ештеңе есінде жоқ", деп жазылған хабарламада.

Еріктілер ер адамды білетін туыстарын немесе таныстарын іздейді. Танығандардан мына нөмірлерге хабарласу сұралады: 8 702 531 80 19 немесе 8 775 085 03 15.